Бұған дейін «Селтиктің» бұрынғы капитаны Пол Ламберт клубқа Санчоны алуды көпшілік алдында ұсынған. Осыдан кейін оның Шотландияға ауысуы туралы әңгіме тарады. Бірақ клуб футболшының өкілдерімен ресми байланысқа шыққан жоқ.
Испания баспасөзінің мәліметінше, Санчо маусым соңына дейін салықтан кейін шамамен 3 миллион еуро жалақы алғысы келеді.
Санчоның «Манчестер Юнайтедпен» келісімшарты аяқталып, 2026 жылғы 1 шілдеден бері еркін агент атанды. Күзде ол «Хетафемен» келіссөз жүргізді, бірақ тараптар келісімшарт талаптарына келісе алмады.
Санчо 2025/26 маусымында «Астон Виллада» жалда ойнады. Ол барлық турнирде 39 матчқа қатысып, алаңда 1681 минут өткізді. Қанат ойыншысы 1 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.
