Матч бүгін, 14 қарашада Брага қаласындағы «Мунисипал-ди-Брага» стадионында өтеді. Кездесуді словениялық төреші Раде Обренович басқарады.
«Бізді мықты қарсыласпен болатын ойын күтіп тұр. Данияның құрамы жақсы жасақталған. Біздің мақсатымыз — жеңісті жалғастырып, топта бірінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз ету. Соңғы төрт кездесуде де осы мақсатқа жету үшін ойнадық.
Барынша жоғары деңгейде өнер көрсетуге тырысамыз. Сонымен қатар Дания құрамасын құрметтейміз. Бұл — физикалық тұрғыдан мықты, Еуропаның ірі клубтарында ойнайтын сапалы футболшылары бар команда», — деп келтіреді Жезуштың сөзін Record.
