Q Football

Ұлыбританиялық басылым Қазақстан – Словакия матчына болжам жасады

Ұлыбританиялық басылым Қазақстан – Словакия матчына болжам жасады
©️KFF

Британдық Sports Mole басылымы Ұлттар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы тур аясында өтетін Қазақстан мен Словакия құрамалары арасындағы матчқа болжам жасады.

Басылымның пікірінше, Словакия құрамасы топтағы жеңіліссіз сериясын сақтап қалуға мүдделі. Сондықтан қонақтар кем дегенде жеңілмейді деп есептейді. Сонымен қатар журналистер Қазақстанның өз алаңында сырт алаңға қарағанда сенімдірек ойнайтынын атап өтті.

«Нәтижелі ойын болмайды деп күтеміз. Біздің болжамымыз — 1:1», — деп жазды басылым.