Есепті 57-минутта Латвия ашты. Эдуардс Дашкевичс өз алаңында допты қабылдап, қарсылас айып алаңына дейін жеткізіп барып, алыс «тоғыздыққа» соққы жасады - доп бағанадан серпіліп, қақпаға кірді.
Кипр 70-минутта таразы басын теңестірді. Йоаннис Кости айып алаңында қақпашыны алдап өтіп, допты тартып алып, бос қақпаға дәл соқты. Ал қосымша уақыттың төртінші минутында Маркус Эдвардс айып алаңы сызығында допқа ие болып, бұрылып алып, алыс «тоғыздықты» дәл көздеп, жеңіс голын соқты.
Төрт турдан кейін Кипр 7 ұпаймен топта екінші орынға көтерілді. Олар үш матч өткізген Черногориядан екі ұпайға қалып келеді. Үш ойыннан кейін 3 ұпайы бар Армения үшінші орында тұр, ал Латвия төрт кездесуде 1 ұпай жинап, соңғы сатыда қалды.
Келесі турда Кипр Армениямен кездеседі, Латвия Черногориямен ойнайды. Бұл матчтар 2026 жылдың 12 қарашасына жоспарланған.
Кипр - Латвия 2:1
Голдар: Кости, 70, Эдвардс, 90+4 - Дашкевичс, 57.
Кипр: Фабиану - Малеккидис, Панайоту, Киприану, Кономис - Кастанос (Царулла, 90+1), Артиматас (Кирьяку, 67) - Какулис (Кости, 58), Лоизу (Георгиу, 58), Эдвардс - Питтас (Неофиту, 67).
Латвия: Матревич - Циганикс, Балодис, Виентиес, Мельникс, Юрковскис - Стродс (Патийчукс, 46), Зеленковс (Савельевс, 88), Вапне (Цударс, 46), Дашкевичс (Алексанян, 74) - Гутковскис (Улдрикис, 60).
Ескертулер: Кономис, Эдвардс - Юрковскис, Патийчукс, Циганикс.
