Q Football

Франция Түркияны ең аз айырмашылықпен жеңді

Франция Түркияны ең аз айырмашылықпен жеңді
Getty images

«Көктер» тартысты қарсыласуда жеңіске жетіп, есептегі ең аз басымдықтың арқасында үш ұпай еншіледі.

Ойынның бірінші таймында қос команда да шабуыл ұйымдастырғанымен, үзіліске дейін есеп ашылған жоқ. Екінші тайм басталысымен Франция алға шықты: 49-минутта Эмирхан Топчу қарсылас шабуылы кезінде допты өз қақпасына салып алды.

Түркия 53-минутта есепті теңестіре жаздады, бірақ Арда Гүлердің добы ВАР тексерісінен кейін офсайдқа байланысты есепке алынбады. Франция қысымды күшейтіп, 80-минутта екінші голын соқты - Жуниор Крупи Пьер Шеркидің пасын нәтижелі аяқтап, есепті ұлғайтты.

Матч соңына қарай түріктер берілмеді. 90-минутта Абдүлкерім Бардакджы есеп айырмасын қысқартып, интриганы қайта оятқанымен, Түркия жеңілістен құтыла алмады.

Франция - Түркия 2:1

Голдар: Топчу (өз қақпасына), 49, Крупи, 80 - Бардакджы, 90

Франция: Меньян (Рест, 46) - Кумбеди, Жаке, Конате, Диуф - Шерки (Заир-Эмери, 82), Да Кунья, Рабьо (Камавинга, 63) - Олисе, Мбаппе, Баркола (Крупи, 63)

Түркия: Өзер - Йылмаз (Айдын, 82), Демирал, Бардакджы, Топчу, Элмалы - Юксек (Озджан, 61), Чалханоглу (Кекчю, 82), Узун (Акгюн, 69) - Гүлер, Гүл

Ескертулер: Конате - Йылмаз, Озджан