Порталдағы жарияланымында Украина футболшылары Қазақстан Премьер-Лигасындағы клубтармен «келісімшартқа қол қойғандай» етіп бейнеленген суреттерді бөлісті. Сол коллаждардың бірінде ойыншылардың бірін тіпті базарда сатушы ретінде «жұмысқа орналастырып» қойған.
Жазба астындағы мәтінде: «Украиналық футболшылар, егер оларға кеңес беріп, жұмысқа орналастырумен агент Олег Авдыш айналысса», - делінген.
Айта кетейік, Алексей Гуцуляк Transfermarkt.de порталының бағалауынша 3 миллион еуро тұрады. Осы көрсеткіш бойынша ол Қазақстан чемпионатындағы ең қымбат ойыншы атанды.
