Комо өз алаңында Италия А сериясының 12-туры матчында Кальяриді қабылдады. Алаң иелері 24-минутта қорғаушы Якобо Рамонның голының арқасында есеп ашты. Ол командасын үзіліске дейін алға шығарды.
Екінші таймда Комо ойынды бақылауда ұстауды жалғастырып, 56-минутта басымдығын еселеді. Лукас да Кунья Ян Коутудың пасын баспен түйістіріп, есепті 2:0 етті.
Кальяри алаң иелерінің голдарына жауап қайтара алмады. Нәтижесінде Комо 2:0 есебімен жеңіске жетіп, чемпионаттағы сәтті сериясын жалғастырды.
Комо — Кальяри 2:0
Голдар: Рамон, 24, Да Кунья, 56
Комо: Бюте — Коуту, Рамон, Кемпф, Кайки — Милья (Перроне, 57), Да Кунья (Лахдо, 73) — Либерали (Пас, 57), Риччи (Смолчич, 73), Батурина (Валье, 88) — Дувикас
Кальяри: Каприле — Педру, Дейола, Кофлер, Оберт — Романо, Гранду (Трепи, 65) — Адопо (Родригес, 50), Мальдини (Массолен, 79), Фаццини — Менди (Нзола, 46)
