«ПСЖ» «Ниццаны» 3:2 есебімен жеңді. Мұхаммед Амура алаң иелерін алға шығарғанымен, Сенни Маюлю пенальтиді сәтті орындап, есепті теңестірді. Арада бір минут өткенде Дезире Дуэ париждіктерді алға шығарды. Екінші таймда Ферран Торрес қонақтардың үшінші голын соқты, ал Али Абди есеп айырмасын қысқартты. Жеңіске қарамастан, Луис Энрике командасы елеулі шығынға ұшырады: Дуэ тізесінен жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды.
«Марсель» «Ле-Маннан» сенсациялық түрде 2:3 есебімен жеңілді. Бірінші таймнан кейін алаң иелері екі доп айырмасымен алда тұрған еді. Амин Гуири мен Игор Пайшао командасына басымдық сыйлағанымен, үзілістен кейін қонақтар керемет камбэк жасады. Луи Мафута айып добынан есеп айырмасын қысқартты, алайда кейін пенальтиді мүлт жіберді. Эрван Кола таразы басын теңестірсе, Жан Веркрёйсс төреші қосқан уақыттың соңғы минуттарында жеңіс голын соқты.
«Париж» турдағы ең ірі жеңіске қол жеткізіп, «Анжені» 4:0 есебімен талқандады. Барлық гол екінші таймда соғылды. Патрик Заби есеп ашқаннан кейін Лука Колеошо мен Максим Лопес алаң иелерінің басымдығын арттырды. Кездесудің соңғы голын Диего Коппола соқты. Осы жеңістің арқасында астаналық команда турнир кестесіндегі екінші орнын нығайтты.
«Лион» сырт алаңда «Лилльді» 1:0 есебімен жеңді. Бірінші таймда Мадс Бидструп соққан жалғыз гол матч тағдырын шешті. Алаң иелері есепті теңестіруге тырысып, бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырғанымен, қонақтардың қорғанысы сыр бермей, минималды басымдықты сақтап қалды.
«Труа» өз алаңында «Гаврды» 3:1 есебімен ұтты. Джош Маджа кездесудің басында есеп ашты, алайда Антуан Милль таразы басын теңестіріп, үзілістен кейін дубль жасап, алаң иелерін алға шығарды. Төреші қосқан уақытта Рено Рипар пенальтиді сәтті орындап, командасының жеңісін түпкілікті бекітті.
«Брест» сырт алаңда «Страсбурды» 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды бірінші таймда Ноа Эджума соқты. Қонақтар алаң иелерінің есепті теңестіруге бағытталған әрекеттеріне қарамастан, басымдығын соңғы ысқырыққа дейін сақтап қалды.
«Монако» «Осерге» қарсы үй матчында жеңілістен құтылып кетті (1:1). Бірінші таймда Ромен Февр қонақтарды алға шығарғанымен, монегаскіліктер кездесудің соңында есепті теңестірді. Эдан Диоп гол соғып, командасына бір ұпай алып берді.
«Ланс» пен «Тулуза» да 1:1 есебімен тең түсті. Джейсон Расселл-Роу қонақтарды алға шығарды, алайда үзілістен кейін көп ұзамай Михаэль Кюизанс есепті теңестірді. Қалған уақытта алаң иелері басымдық танытқанымен, «Тулуза» қақпашысы Гийом Рест бірнеше рет командасын голдан құтқарып қалды.
«Лорьян» мен «Ренн» арасындағы Бретань дербиі 1:1 есебімен аяқталды. Булайе Диа есеп ашса, үзіліске дейін Монтаcсар Тальби таразы басын теңестірді. Екінші таймда алаң иелері алға шығуға мүмкіндік алғанымен, Ноа Кадью пенальтиді сәтті орындай алмады. Төреші қосқан уақытта Адриен Томассон алаңнан қуылып, «Ренн» кездесуді он ойыншымен аяқтады.
Турнир кестесі: 1. «ПСЖ» — 26 ұпай, 2. «Париж» — 23, 3. «Лилль» — 21. Толық кесте осында.
Сұрмергендер: Синайоко — 9 гол, Гуири — 7, Леполь — 7. Толық тізім осында.
Ассистенттер: Товен — 7 ассист, Кассерес-младший — 6, Синайоко — 5. Толық тізім осында.
