Q Football

ПСЖ Матвей Сафоновпен келісімшартты ұзартуға жақын

ПСЖ Матвей Сафоновпен келісімшартты ұзартуға жақын
Фото: Visionhaus / Contributor / Getty Images

Ресейлік қақпашы Париждің клубымен келіссөз жүргізіп жатыр

Le Parisien хабарлауынша, қос тарап жақында жаңа келісімшартқа қол қояды. Оған сәйкес Матвейдің жалақысы біршама артады екен.

Бұған дейін жаңа келісімнің 2032 жылдың 30 маусымына дейін жарамды болатыны анықталған еді.

ПСЖ Сафоновты 2024 жылы «Краснодардан» 20 миллион еуроға сатып алған. 27 жастағы голкипер осы маусымда 17 матчта 19 гол өткізіп, төрт ойында қақпасына доп жібермеді.