Q Football

«Париж 13 Атлетико» зорлау ісі бойынша айыпталған Бен-Йеддердің трансфері үшін сынға қалды

«Париж 13 Атлетико» зорлау ісі бойынша айыпталған Бен-Йеддердің трансфері үшін сынға қалды
©️Paris13Atletico

Клубтың бас директоры Франция құрамасының экс-шабуылшысының ақталғанын еске салды

Франциялық «Париж 13 Атлетико» ұлттық құраманың бұрынғы шабуылшысы Виссам Бен-Йеддерді қатарға қосқаннан кейін жанкүйерлер мен БАҚ тарапынан сынның астында қалды. Наразылыққа 2024 жылғы сот үкімі себеп болды — сол кезде футболшы зорлау ісі бойынша екі жылға шартты түрде жазаланған, бірақ кейін бұл шешімге шағымданған болатын.

Клубтың бас директоры Намори Кейта жаңа ойыншыға араша түсіп, команданың Лига 3 ойыншылары арасындағы ең жарқын мансапқа ие жоғары деңгейлі спортшыны шақырғанын атап өтті. Оның сөзінше, Бен-Йеддер құқықтық мемлекетте ақталған, сондықтан оның трансфері ешқандай мәселе емес және клубқа қосымша қызығушылық тудыруы мүмкін. Дегенмен толассыз сынға байланысты «Париж 13 Атлетико» әлеуметтік желілерде пікір қалдыру мүмкіндігін өшіруге мәжбүр болды.