Қазіргі келісімшарты 2029 жылға дейін жарамды. Жаңа келісім бойынша футболшының жалақысы көтерілуі мүмкін. Le Parisien басылымының хабарлауынша, оң тізесінен алған ауыр жарақатына байланысты маусымның қалған бөлігін өткізіп алу қаупі бар екеніне қарамастан, Париж клубы өз жоспарынан бас тартпаған. Жарақатқа дейін талқыланған шарттар өзгеріссіз қалды. Бұған қоса, соңғы апталарда клуб басшылығы ойыншыға қолдау көрсетіп келеді.
«ПСЖ» бразилиялық қорғаушы Маркиньоспен де келісімшартты ұзарту мүмкіндігін қарастыруда. Клуб футболшының ойынына көңілі толады және соңғы апталарда оның өкілдерімен алғашқы талқылаулар өткізген. Дегенмен қазіргі келісімшарты аяқталған кезде Маркиньос 34 жаста болады. Басшылық шешім қабылдағанда осы жайтты да ескеріп отыр. Әзірге келіссөздер бастапқы кезеңде.
Сонымен қатар Усман Дембелемен жаңа келісімшарт жасау мәселесі оң бағытта өрбіп жатыр. Тараптар 2030 жылға дейінгі келісімді және оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігін талқылауда. Құжатқа әлі қол қойылған жоқ, бірақ соңғы мәселелерді реттеу жақын қалғаны хабарланды.
«ПСЖ» Дезире Дуэмен де келісімшартты ұзартуды көздейді. Француз футболшысымен келіссөз бірнеше апта бұрын басталғанымен, әзірге Дембеле мен Кварацхелиямен жүргізіліп жатқан талқылауларға қарағанда баяу жүріп жатыр. Сондықтан бұл мәселені шешуге көбірек уақыт қажет болуы мүмкін.
Клуб тәжірибелі ойыншыларды сақтап қалумен қатар, болашақ құраманың негізін қалайтын жас таланттармен де жұмыс жүргізуде. Осы жоспар аясында шабуылшы Кентен Нджантумен келісімшартты 2031 жылға дейін ұзарту көзделіп отыр. Алайда келіссөздер әлі аяқталған жоқ.
Бұдан бөлек, париждіктер 17 жастағы қорғаушы Давид Болиді командада қалдырғысы келеді. Ол әзірге алғашқы кәсіби келісімшартына қол қоймағанымен, «Арсенал» мен «Айнтрахттың» қызығушылығын тудырған.
