Gazzetta dello Sport-тың хабарлауынша, «Лион» Луи Опенданы қыста жалға алу мерзімі аяқталмай тұрып қайтаруы мүмкін. Бельгиялық шабуылшы бапкерлердің жоспарына кірмейді.
«Лион» Опенданы туриндік «Ювентустан» жалға алған. Егер шабуылшы қыста Туринге оралса, «Ювентус» оған жаңа клуб іздейді.
Опенда осы маусымда Франция чемпионатында 5 матч өткізіп, 1 гол соқты және 1 нәтижелі пас берді.