Жаңа бас бапкермен жасалған келісімшарт команда еурокубоктарға шыққан жағдайда автоматты түрде ұзартылуы мүмкін.
Висенс бұған дейін португалиялық «Брагада» жұмыс істеді. Өткен маусымда оның жетекшілігімен команда Еуропа лигасының жартылай финалына дейін жеткен. Дегенмен биыл қазан айында қатарынан үш рет жеңілгеннен кейін испаниялық маман қызметінен босатылды.
