Q Football

Александр Головин жарақат алды

Александр Головин жарақат алды

«Монако» жартылай қорғаушысы 10-турдағы «Ле-Манға» (1:1) қарсы кездесуде балтыр бұлшық етін созып алды

Осыған байланысты ол бүгін медициналық тексерістен өтеді. Егер жарақаты ауыр болса Ресей құрамасының алдағы Өзбекстан (12 қараша) мен Венесуэлаға (17 қараша) қарсы жолдастық кездесуіне қатыспайды.

30 жастағы хавбек «Монако» намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 14 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Головиннің монегаскілермен келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.