Q Football

Левен Курзава мансабын аяқтады

Левен Курзава мансабын аяқтады
©️Getty Images

34 жастағы «ПСЖ-ның» экс-қорғаушысы париждік клубпен Лига 1-ді бес рет жеңіп алды, Чемпиондар лигасының финалына дейін жеткен

Мансабы барысында француз ойыншысы «Монако», «Фулхэм», «Боавишта» және индонезиялық «Персиб» клубтарының намысын қорғап, соңғысымен 2025/26 жылғы маусымда ел чемпионы атанды. Париждік команда сапында ол Франция чемпионаты мен Суперкубогын бес реттен жеңіп алды, ел Кубогы мен Лига кубогын төрт мәртеден иеленді, 2019/20 жылғы Чемпиондар лигасының финалында ойнады және ұлттық құрама сапында 14 матч өткізді.

«Бір кездері бастауға тура келді. Бүгін аяқтай білу керек. Осыншама жылдық құштарлық, құрбандық, армандар мен эмоциялардан кейін мен үшін өмірімнің тамаша парағын жабатын уақыт келді. Футбол маған бәрін үйретті, өмір сүруге жетеледі және өте көп нәрсе берді. Франция құрамасын ерекше атап өткім келеді — өз елімнің намысын қорғағаным мен үшін зор мақтаныш болып қала береді. Ойыншы ретіндегі тарихым аяқталуға жақын, бірақ бұл жаңа жобалар мен міндеттерге толы жаңа тараудың бастамасы ғана», — деп жазды Курзава әлеуметтік желілерде.