Николо Скираның хабарлауынша, ПСЖ оған 2031 жылдың жазына дейін жарамды келісімшарт ұсынбақ. Сондай-ақ оны тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі болады екен.
ПСЖ Витиньяны 2022 жылы «Портудан» 41,5 миллион еуроға сатып алған еді. 26 жастағы хавбек осы маусымда 15 матчта үш гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Оның қазіргі келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
