L’Equipe хабарлауынша, 21 жастағы ойыншы оң жақ тізесінің айқыш байламын үзіп алды. Осыған байланысты ол маусымның қалған матчтарында командасына көмектесе алмайды. Дезире алаңға шамамен тоғыз айдан кейін оралады.
Париждің клубы Дуені 2024 жылы «Реннен» 50 миллион еуроға сатып алған еді. Осы маусымда ол 15 матчта алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Ал келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
