Q Football

Маркус Тюрам «Интерден» жалақысын өсіруді сұрады

Маркус Тюрам «Интерден» жалақысын өсіруді сұрады
© Getty Images

Франциялық шабуылшы көбірек жалақы алғысы келеді. Ал «Интер» табысының басым бөлігін нәтижеге байланысты сыйақы арқылы төлеуді ұсынып отыр.

«La Gazzetta dello Sport» басылымының мәліметінше, қазір 29 жастағы Тюрам салықтар төленгеннен кейін жылына 6 млн еуро алады. Оның келісімшарты 2028 жылдың маусымына дейін жарамды.«Интер» басшылығы кепілдендірілген жалақыны азайтып, жеке және командалық жетістіктер үшін берілетін бонустарды арттырғысы келеді.

Француз футболшысы Миланда қалғысы келеді, бірақ тараптар әзірге ортақ мәмілеге келген жоқ.Егер келісу мүмкін болмаса, келесі жазда «Интер» Тюрамның болашағын қайта талқылауы мүмкін.Сонымен қатар команда шабуылында Пио Эспозито барған сайын сенімдірек ойнап жүр.

Тюрамның қазіргі келісімшартында 85 млн еуро көлемінде өтемақы сомасы көрсетілген, бірақ әзірге бірде-бір клуб оны төлеген жоқ.