Q Football

Виктор Дьёкереш Ұлттар лигасында тарихи рекорд орнатты

Виктор Дьёкереш Ұлттар лигасында тарихи рекорд орнатты

Швеция шабуылшысы 5-турдағы Босния және Герцеговинаға қарсы ойында пенальтиден дубль жасады

Осылайша Дьёкереш Ұлттар лигасында сегіз матч қатарынан гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы атанды. Виктор турнирде 2024 жылдың 14 қазанынан бері 12 гол соғып тастады.

Бес ойыннан кейін 13 ұпай жинаған Швеция В лигасындағы 4-топта көш бастап тұр. «Көк-сарылар» соңғы турда 17 қараша күні Польшаға қонаққа барады.