Ұлттар лигасы аясында Грекия мен Германия кездесуі голсыз аяқталды - 0:0.
Грекия құрамында алаңға Цолакис шықты. Қорғаныста Салиакас, Мавропанос (79-минутта Рецос алмастырды), Кулиеракис және Цимикас ойнады. Ортада Масурас, Курбелис (68 - Музакитис), Зафейрис, Кизиридис (46 - Андруцос) болды. Шабуылда Павлидис (46 - Карецас) пен Йоаннидис (88 - Костулас) өнер көрсетті.
Германия сапында қақпаны Урбиг қорғады. Қорғаныс шебінде Трой, Тиав, Антон және Раум тұрды. Ортаңғы аймақта Карл (63 - Эль-Мала), Павлович, Бишоф (83 - Баур), Шергант (83 - Конте) ойнады. Ал алғы шепте Вирц пен Буркардт (63 - Вольтемаде) шықты.
Ескерту алғандар: Грекиядан - Цимикас, Зафейрис, Салиакас. Германиядан - Антон, Трой, Тиав.
Матч туралы есепті кейінірек сайтымыздан оқи аласыз.
