Q Football

Чесноков Молдовадан жеңілгеннен кейін жанкүйерлерден кешірім сұрады

Чесноков Молдовадан жеңілгеннен кейін жанкүйерлерден кешірім сұрады

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ислам Чесноков ұлттық команданың кезекті сәтсіздігіне эмоциямен жауап берді. Футболшы қазақстандықтардың жалғыз голының авторы атанғанымен, оның дәл соққысы оң нәтижеге қол жеткізу үшін жеткіліксіз болды.

«Әрине, жанкүйерлердің алдында ұят, не айтарымды білмеймін. Ең бастысы, қолдау көрсетсе екен», — деді Чесноков матчтан кейін Birinshibol басылымына берген сұхбатында.

Футболшының айтуынша, команда үзілістен кейін ойын мәнерін өзгертіп, гол соғатын мүмкіндіктер жасаған. Алайда сол сәттерді тиімді пайдалана алмаған. Чесноков екінші таймның басында жіберіп алған мүмкіндіктер матч нәтижесіне әсер етті деп есептейді.

Бес турдан кейін Қазақстан екі ұпаймен топта соңғы орында тұр. Ұлттық құрама Ұлттар лигасының биылғы маусымында әлі бірде-бір жеңіске жеткен жоқ.