Бұл матчта Арда Гүлер 36-минутта гол соғып, 75-минутта нәтижелі пас берді.
Осылайша ол Мбаппеге ең көп ассист жасаған ойыншы атанып, Винисиус Жуниормен теңесті. Екеуі де Килианның гол соғуына 13 реттен септігін тигізген. Ал үшінші орында тоғыз гол пасын шығарған Джуд Беллингем тұр.
Мадридтің клубы Гүлерді 2023 жылы «Фенербахчеден» 30 миллион еуроға сатып алған еді. 21 жастағы түркиялық жартылай қорғаушы осы маусымда 14 матчта төрт гол соғып, жеті нәтижелі пас берді. Оның «бланкоспен» келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
