Q Football

«Галатасарайдың» «Фенербахчемен» болған шулы дербидегі жеңісі БАҚ назарында

«Галатасарайдың» «Фенербахчемен» болған шулы дербидегі жеңісі БАҚ назарында

Еуропаның жетекші басылымдары Виктор Осимхеннің дублі мен соңғы ысқырықтан кейін басталған төбелеске ерекше тоқталды.

Түркия Суперлигасының сегізінші турындағы кездесу тартысты өтіп, «Галатасарайдың» 2:1 есебімен жеңісімен аяқталды. Үй иелерінің екі голын да нигериялық шабуылшы Осимхен соқты, ал «сары-қызылдар» осы жеңістің арқасында турнир кестесінің көшін жалғыз өзі бастап тұр.

Шетелдік басылымдардың басым бөлігі тақырыптарында Осимхеннің ойынына басымдық берді. Испаниялық Marca Стамбул дербиіндегі жеңісті «Галатасарайға» дәл осы нигериялық сыйлағанын атап өтсе, немісті Liga Blatt оның өнерін нағыз шоу деп бағалады, ал француздық Goal.com шабуылшыны «тоқтату мүмкін емес» деп жазды. FotMob пікірінше, «Галатасарай» ежелгі қарсыласынан басым екенін дәлелдеді.

Матчтан кейінгі оқиғалар да назардан тыс қалмады. Британиялық The Irish Sun «Фенербахче» жеңілгеннен кейін екі команданың ойыншылары арасында үлкен төбелес болғанын хабарлады. Португалиялық Record Керем Актүркоғлының ашуға мінгеніне назар аударды: «Бенфиканың» бұрынғы ойыншысын Ромелу Лукаку тоқтатуға мәжбүр болған.