«ПСЖ» мен Марокко құрамасының қорғаушысы Ашраф Хакими Спорттық төрелік сотының (CAS) үкімі жарияланатын күні Африка кубогының финалы төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдірді. Футболшының айтуынша, ойыншылар өз жанкүйерлерінің алдында ел намысын лайықты қорғады және істің кез келген нәтижесін қабылдауға дайын.
«Бұл оңай шешім емес, болған оқиғаға қатысты әркімнің өз пікірі қалады, бірақ футболда жай ғана алаңнан кетіп қалуға болмайды. Өз басым жұмысымды орындадым деп есептеймін, ал бүкіл команданың мақтан тұтарлық ісі бар. Біз үкімді бірге күтеміз, бірақ ол қандай болса да, қазір ең бастысы — келесі Африка кубогына дайындалу», — деді Хакими.
Еске салайық, бұған дейін Африка футбол конфедерациясы (CAF) Марокконың апелляциясын қанағаттандырып, 98-минутта Браим Диаске қарсы жасалған фол үшін белгіленген пенальтиден кейін алаңнан кетіп қалғаны үшін Сенегалға 0:3 есебімен жеңіліс жазған болатын. Сенегал тарапы бұл шешімге CAS-қа шағым түсірді.
