Q Football

Черногория Кипрді ірі есеппен жеңіп, В дивизионына жолдама алды

Черногория Кипрді ірі есеппен жеңіп, В дивизионына жолдама алды
Getty Images

Кипр өз алаңында 1:4 есебімен жеңілгеніне қарамастан, екінші орнын сақтап қалды.

Черногория құрамасы Ұлттар лигасының C дивизионы 2-тобындағы алтыншы турдың сырт алаңдағы матчында Кипрді ойсырата жеңді — 4:1. Қонақтар есепті бесінші минутта Милутин Осмаичтың голының арқасында ашып, бірінші таймды ең аз басымдықпен аяқтады.

52-минутта Иоаннис Питтас пенальтиді сәтті орындап, таразы басын теңестірді. Алайда черногориялықтар үш голмен жауап қатты: Никола Крстович 67 және 83-минуттарда көзге түсіп, дубль жасады, ал оның голдарының алдында, 58-минутта, Дритан Вукотич гол соқты.

Черногория топтық кезеңді жеңіліссіз аяқтап, 16 ұпай жинады да, B дивизионына көтерілді. Сегіз ұпайы бар Кипр екінші орын алып, жоғарылауға арналған өтпелі матчтарда ойнайды. Армения алты ұпаймен үшінші болып мәреге жетті, ал екі ұпайы бар Латвия төртінші орында қалды, алайда C дивизионындағы орнын сақтап қалды.

Ұлттар лигасы. C дивизионы. 2-топ. 6-тур

Лимасол. «Альфамега» стадионы

Кипр — Черногория 1:4

Голдар: Питтас (52, пенальтиден) — Осмаич (5), Крстович (67, 83), Вукотич (58).