Q Football

Рейндерс пен Хойлунн Ұлттар лигасының 5-турындағы ең үздік ойыншы атағына үміткер

Рейндерс пен Хойлунн Ұлттар лигасының 5-турындағы ең үздік ойыншы атағына үміткер
Getty Images

УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турын қорытындылап, аптаның үздік ойыншысы атағына үміткер төрт футболшыны атады

Үміткерлер қатарына Италия құрамасының шабуылшысы Пио Эспозито кірді: ол Францияға қарсы өткен кездесуде (3:1) екі гол соқты. Германия сапынан Браян Груда Сербиямен ойында (3:1) бір мәрте мергендік танытты.

Нидерланд құрамасының ойыншысы Тиджани Рейндерс Грекияға қарсы матчта (7:0) хет-трик жасап, тізімге енді. Ал Дания құрамасынан Расмус Хойлунн Португалияға қарсы ойында (4:1) екі голмен көзге түсті.

Ұлттар лигасының апта үздігін анықтайтын дауыс беру УЕФА-ның ресми сайтында өтіп жатыр.