Q Football

Ван ’т Схип Қазақстанның Словакияға қарсы ойынына баға берді

Ван ’т Схип Қазақстанның Словакияға қарсы ойынына баға берді
KFF

Маманның айтуынша, Қазақстан құрамасы қарсыластың деңгейі мен өз алаңындағы ойын факторын ескере отырып, лайықты матч өткізді.

«Біз жақсы ойнадық, ескерсек, қарсыласымыз — топтағы ең мықтысы әрі өз алаңында ойнады. Алғашқы голды зейіннің жоғалуынан кейін өткізіп алдық, алайда кейін Рамазан Каримовтың өте әдемі голының арқасында ойынға қайта орала алдық. Жігіттер біз пысықтаған схема мен тактика бойынша ойнады. Екінші таймда мен Мрынскийді қорғаушыларға көмектессін, сондай-ақ оң қаптал арқылы шабуылға жылдамырақ шығуға мүмкіндік берсін деп алаңға шығардым. Бізде тағы да гол соғуға жақсы сәттер болды. Мрынский мен Рамазан Оразовтың көзге түсуге мүмкіндіктері болды. Алайда қорытындысында екінші голды Словакия соқты. Жігіттерге ойыны мен жанкештілігі үшін үлкен рақмет айтқым келеді. Бастапқы құрамда біздің лигадағы тоғыз футболшы алаңға шықты. Мен бірінші матчқа қатыспаған ойыншыларға өздерін көрсетуге мүмкіндік бердім. Құрамды таңдағанда біз футболшылардың физикалық жағдайын да ескердік», — деп атап өтті Ван ’т Схип.

Бас бапкер сондай-ақ Бауыржан Исламхан Қазақстан құрамасының келесі матчыңа дайындалатынын хабарлады.

Екінші голды өткізіп алғаннан кейін қазақстандықтар прессингті күшейтуге тырысты, алайда словактар қонақтарға өз қақпасы маңында елеулі қауіп төндіруге мүмкіндік бермеді.

«Екінші голды өткізіп алғаннан кейін біз прессинг жасауға тырыстық, алайда қарсыластың деңгейі Словакия алаңының соңғы үштен бір бөлігінде бірдеңе жасауымызға мүмкіндік бермеді», — деді маман.

Ван ’т Схип сондай-ақ Ұлттар лигасының осы маусымындағы Қазақстан құрамасының екі матчында да ойнаған қақпашы Стас Покатиловтың өнерін жеке бағалады.

«Стас екі матчты да жақсы өткізді. Біз осы екі ойын бойынша талдау жасаймыз да, содан кейін келесі матчқа қатысты шешім қабылдаймыз», — деп түйіндеді бас бапкер.

Екі матчтан кейін ұлттық құрама өз тобында үшінші орында келеді. Үшінші турда Қазақстан құрамасы өз алаңында Молдова командасымен ойнайды. Матч екінші қазанда Астанада өтеді.