Матч алаң иелері үшін өте сәтсіз басталды. Үшінші минутта-ақ Сербия қорғаушысы Срджан Бабич допты өз қақпасына соғып алды. Ал 14-минутта Флориан Вирц қонақтардың басымдығын екі голға жеткізді.
Үзілістен кейін немістер гол соғуды жалғастырды. 50-минутта Браян Груда көзге түсті. Сербия тек 56-минутта жауап қайтара алды. Сол сәтте Бабич қарсылас қақпасына гол соғып, автоголдан кейінгі қателігін ішінара түзетті.
Германия Ұлттар лигасының биылғы маусымында Сербияны екінші рет жеңді. Соңғы турда немістер өз алаңында Нидерланд құрамасымен кездеседі. Нидерландтықтар қатар өткен матчта Грекияны 7:0 есебімен ойсырата жеңген болатын.
