«Астана Аренадағы» матчтан кейін команда 4,07 ұпай қосып, жалпы көрсеткішін 1160,72-ге жеткізді. Соның арқасында лайв-кестеде бір сатыға жоғарылап, 117-орынға көтерілді.
Бір тур бұрын жағдай нашарлау еді: сырт алаңда Молдовадан ұтылғаннан кейін (1:2) қазақстандықтар 9,61 ұпай жоғалтып, Суданды алға жіберіп, 118-сатыға түсіп қалған болатын.
Қазақстанның орны әлі де қауіп астында. Таллинде Эстония — Болгария матчы өтіп жатыр, үзіліске дейін онда 1:1 есебі тіркелді. Егер эстондар жеңіске жетсе, олар шамамен 1164,6 рейтингтік ұпай жинап, Қазақстанды басып озады да, ұлттық құрама қайтадан 118-орынға сырғиды.
Қазақстан Ұлттар лигасын С дивизионының 3-тобында төртінші орынмен аяқтады. Алты турда команда үш рет тең ойнап, үш рет жеңіліп, үш ұпай жинады.
