Q Football

«Атырау» қысқы оқу-жаттығу жиынын Түркияда өткізуді жоспарлап отыр

«Атырау» қысқы оқу-жаттығу жиынын Түркияда өткізуді жоспарлап отыр

«Атырау» футбол клубы жаңа маусымға дайындықты Түркияда бастауды көздеп отыр. Бұл туралы «Серый Кардинал» Telegram арнасы хабарлады

Дереккөздің мәліметінше, команда 15–17 желтоқсан аралығында Түркия жағалауына аттанады деп жоспарланған. «Мұнайшылар» онда ойыншылардың жүктемеге біртіндеп бейімделуіне арналған алғашқы он күндік оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

2026 жылғы ҚПЛ маусымының соңғы бес турында «Атырау» жеті ұпай жинады. Жалпы 30 матчта алты рет жеңіске жетіп, 12 кездесуде тең түсіп, тағы 12 ойында жеңілді. Доп айырмасы — 27:35. 30 ұпай жинаған команда турнир кестесінде 13-орын алып, Премьер-лигадағы орнын сақтап қалды.