Q Football

Көшбасшылық мызғымады: Покатилов қосалқы құрамда отырғанда «Сабах» «Шафаны» тас-талқан етті

Көшбасшылық мызғымады: Покатилов қосалқы құрамда отырғанда «Сабах» «Шафаны» тас-талқан етті

Елордалық ұжым ұлттық біріншіліктің бесінші турында қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, «Шафа» қақпасына жауапсыз үш доп тоғытты.

Текетірестің тағдыры негізінен үзіліске дейін-ақ шешіліп қойды: алдымен Орфе Мбина дәл соққысымен көзге түссе, арада бес минут өткенде Абдулах Хайбулаев қонақтардың басымдығын еселей түсті. Екінші қырық бес минуттықта Велько Шимич есепті іріге жеткізіп, кездесудің нүктесін қойды. «Сабахтың» қазақстандық қақпашысы Стас Покатилов бүкіл матчты қосалқы құрам орындығында өткізіп, өз клубының жоспарлы үш ұпайға қол жеткізіп, Премьер-лиганың чемпиондық жарысында жеке-дара көш бастағанын сырттай бақылады.