Q Football

Фарер аралдарында Қазақстанмен тең ойынды үлкен өкініш деп атады

Фарер аралдарында Қазақстанмен тең ойынды үлкен өкініш деп атады
in.fo

Жергілікті in.fo басылымының пікірінше, аралдықтар Ұлттар лигасының төртінші турында екі доп айырмашылығымен алда келе жатып, жеңісті уыстан шығарып алды.

Кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Сайт авторларының бағалауынша, ойынның барысын қонақтар құрамындағы алаңнан қуылу өзгертті: олардың жазуынша, бұл алаң иелеріне қанат бітірген. 68-минутта Сергей Малый допты әуеден тепкен соққысымен есеп айырмасын қысқартты, содан кейін ойын түгелге жуық Фарер аралдары құрамасының айып алаңы маңына ауысты.

«Бұл жалпы фарерліктер үшін, әсіресе Қазақстанда жүрген Фарер лагері үшін үлкен өкінішпен аяқталды», — деп жазады басылым.

Сонымен қатар журналистер қазақстандық команданың шабуылда қуылуға дейін де, одан кейін де өткірлік таныта алмағанын атап өтеді. Соған қарамастан сол қанаттан берілген пастан кейін Нұралы Әліп допты қақпадан шығып кеткен Маттиас Ламхаугенің үстінен баспен асыра соғып, есепті теңестірді.

Матчтың соңына қарай қонақтар бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырып, жеңісті жұлып әкете жаздады. Соңғы ысқырыққа бес минут қалғанда алаң иелерін Малый құтқарып, қарсыласқа үшінші голды соқтырмады.