Q Football

Холанд, Левандовски және Ямаль Ұлттар лигасының үздік сұрмергендері қатарында

Холанд, Левандовски және Ямаль Ұлттар лигасының үздік сұрмергендері қатарында
©️UEFA

Турнирдің үш турынан кейін бірден сегіз футболшының еншісінде үш голдан бар.

2026/27 жылғы УЕФА Ұлттар лигасының үздік сұрмергендері арасындағы бәсекеде сегіз ойыншы үш голдан жинап, көш бастап келеді.

Үздік сұрмергендер қатарында Зеки Амдуни (Швейцария), Жоау Феликс (Португалия), Виктор Дьёкереш (Швеция), Эрлинг Холанд (Норвегия), Роберт Левандовски (Польша), Трой Парротт (Ирландия), Йоэль Похьянпало (Финляндия) және Ламин Ямаль (Испания) бар.

Холанд Норвегияның Португалияға қарсы матчында гол соғып, Данияға қарсы алғашқы кездесудегі дублінен кейін нәтижелі сериясын жалғастырды. Ал Похьянпало Финляндияның Сан-Мариноны 7:0 есебімен жеңген ойынында хет-трик жасады.

Ямаль Англиямен матчта бір гол соғып, Хорватияға қарсы кездесуде тағы екі рет мергендік танытты. Амдуни Солтүстік Македонияға қарсы дубль жасап, кейін Шотландиямен ойында да гол соқты.

Парротт Австрияға қарсы матчта дубль жасаса, Левандовски Польша құрамасының Румынияны 6:0 есебімен жеңген кездесуінде үш гол соқты.

Феликс пен Дьёкереш осы турнирде үш матчтың барлығында гол соққан жалғыз футболшылар. Сонымен қатар Дьёкереш Ұлттар лигасының қатарынан алты матчында гол соғып, турнир рекордын жаңартты.

Нәтижелі пастар бойынша Мартин Эдегор көш бастап тұр — оның еншісінде үш ассист бар. Тағы 13 футболшы екі нәтижелі пас берген. Олардың қатарында Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан да бар.

Ұлттар лигасының алдыңғы маусымындағы үздік сұрмерген Дьёкереш болды. Швециялық шабуылшы тоғыз гол соққан. Бұған дейін турнирдің үздік сұрмергендері қатарында Холанд, Митрович, Лукаку, Ферран Торрес және Криштиану Роналду болған.