Q Football

Тухель Испанияға қарсы матч алдында Англия ойыншыларын нәсілшілдік қаупі туралы ескертті

Тухель Испанияға қарсы матч алдында Англия ойыншыларын нәсілшілдік қаупі туралы ескертті

Англия құрамасының бас бапкері Томас Тухель Ұлттар лигасында Испанияға қарсы кездесу алдында футболшылармен арнайы әңгіме өткізуді жоспарлап отыр. Неміс маманы Мадридтегі «Метрополитано» стадионының трибуналарында нәсілшілдік көріністерінің болуы мүмкін екеніне алаңдаулы.

«Мадридте бұған дейін осындай жағдай болғандықтан, ойыншыларға бес минут уақыт бөліп, хаттаманы түсіндірген дұрыс шығар. Футболшылар мұндай жағдайда қалай әрекет ету керектігін білуі маңызды», — деді Тухель RMC басылымына берген сұхбатында.

Алаңдаушылыққа наурыз айында Испания мен Мысыр арасындағы жолдастық матчта болған оқиғалар себеп болды. Сол кездесуде трибуналардан кемсітушілік сипаттағы айқайлар естілген. Сонымен қатар ағылшындар 2004 жылы Мадридте өткен даулы матчты да ұмытқан жоқ. Ол кезде Англия құрамасының бірнеше қара нәсілді ойыншысы нәсілшілдік қорлауға ұшыраған болатын.

Тухель команданың кез келген жағдайға дайын болуы керектігін атап өтті. УЕФА хаттамасына сәйкес, нәсілшілдік әрекеттері байқалған жағдайда төреші кездесуді уақытша тоқтатуға құқылы. Ал қорлау жалғасса, матчты біржола тоқтата алады.