Кездесудегі жалғыз допты 83-минутта «Нефтчидің» сербиялық шабуылшысы Зоран Марушич мергендікпен торда тулатты.
Келесі турда өзбекстандық клуб сырт алаңда Сауд Арабиясының «Әл-Насрына» қарсы ойын өткізеді. Ал «Әл-Кува Әл-Джавия» өз кезегінде өз алаңында БАӘ өкілі «Әл-Айнды» қабылдайды.
Еске сала кетейік, өткен маусымда «Нефтчи» ел чемпионы атанып, соның арқасында АФК Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған болатын. Ағымдағы біріншілікте де команда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Қазіргі уақытта клуб жақын қуғыншысынан екі ұпай озып, турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр.
