Жиындарға УЕФА, ТФФ және «Бешікташ» клубының өкілдерімен қатар Ыстанбұл полиция басқармасы мен Ыстанбұл қалалық әкімдігі де қатысты. Тараптар командалардың қонуы мен сапар кестесін, пайдаланатын жаттығу алаңдарын, стадион мен қаладағы операциялық жұмыстарды, жанкүйерлер мен медиа аймақтарын және көлік қатынасын ұйымдастыруды талқылады.
Кездесулер барысында қонақүйлер, жүріп өтетін бағыттар, стадион аумағы, сондай-ақ жанкүйерлердің жиналу және қатынау нүктелерінде қолданылатын қауіпсіздік шаралары да бағаланды. Үш күнге созылған бағдарлама аясында «Бешікташ Парк» маңында бірнеше тексеру жұмыстары жүргізілгені айтылды.
УЕФА Конференция лигасының финалы 2027 жылдың 2 маусымында «Бешікташ» өз матчтарын өткізетін «Бешікташ Парк» стадионында өтеді.
