32 жастағы хавбек Ұлттар лигасындағы Данияға (1:4) қарсы ойында 83-минутта ойынға тыңнан қосылып, 93-минутта командасының жалғыз голын соққан еді.
Бірақ матчтан кейін оның жарақат алғаны белгілі болды. Силваның нақты қай тұсы зақымдалғаны ашып айтылмады. Дегенмен ол 17 қараша күніне жоспарланған Уэльске қарсы ойынға қатыспай, Мадридке оралады.
Сондай-ақ сары қағаздың көптігіне байланысты Жоау Палинья («Бенфика») мен Рубен Диаш («Манчестер Сити») та клубына қайтты.
Силва Мадридтің клубына өткен жазда еркін агент ретінде келіп қосылған еді. Бернарду осы маусымда 13 матчта бір гол соғып, бір нәтижелі пас берді. Оның «бланкоспен» келісімшарты 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
