Алайда матчтан кейін жағымсыз жағдай тіркелді. Sky Sport мәліметінше, ысқырық естілген соң футболшылармен амандаспақ болған алаң иелерінің жанкүйері трибунадан құлап кеткен.
Оқиғаны алғаш байқаған «Кальяри» ойыншылары Алессандро Дейола мен Элиа Каприле бірден жанкүйерге көмек көрсетуге ұмтылды.
Стадионда кезекшілік атқарған жедел жәрдем қызметі зардап шеккен азаматты ауруханаға жеткізді. Алдын ала мәлімет бойынша, оның бұғанасы сынған. Ауыр асқынулар анықталған жоқ. Жанкүйерді бүгін ауруханадан шығарып, емін үй жағдайында жалғастыру жоспарланып отыр.
