Q Football

Ұлттар лигасының матчы 6:0 есебімен аяқталды

Ұлттар лигасының матчы 6:0 есебімен аяқталды
Getty Images

Польша құрамасы өз алаңында Ұлттар лигасының үшінші туры матчында Румынияны ойсырата жеңді

Голдарды Роберт Левандовски (24-минутта, пенальтиден, 47 және 86-минуттарда), Петр Зелиньски (62-минутта) және Ян Беднарек (66-минутта) соқты. Сондай-ақ Румыния құрамасы сапында Вирджил Гицэ (49-минутта) автоголмен көзге түсті. 22-минуттан бастап румындар он ойыншымен ойнады: тікелей қызыл қағазды Раду Дрэгушин алды.

Осы жеңістің арқасында Польша құрамасы төрт ұпай жинады, ал Румыния құрамасының үш ойыннан кейін еншісінде ұпай жоқ. В дивизионының 4-тобындағы командалардың жағдайы мынадай: Швеция — 7 ұпай, Босния және Герцеговина — 5 ұпай, Польша — 4 ұпай, Румыния — 0 ұпай.