Тур ОКМК мен «Пахтакор» арасындағы матчпен басталды — 1:3. Айман Хуссейн 4-минутта-ақ есеп ашып, кейін Иброхим Ибрагимовтың голына нәтижелі пас берді. Үзілістен кейін Достонбек Хамдамов қонақтардың үшінші добын соқты, ал Георгий Папава кездесу соңында бір голмен жауап қайтарды.
«Нефтчи» өз алаңында «Сурхонды» 2:1 есебімен жеңді. Владимир Йовович 12-минутта мергендік танытса, Стипе Перица пенальтиді сәтті орындап, басымдықты еселеді. Екінші таймның басында Камронбек Юсупов есеп айырмасын қысқартты. Кейін Перица тағы бір 11 метрлік соққы орындауға мүмкіндік алғанымен, оны жүзеге асыра алмады.
«Насаф» «Бунёдкорды» сенімді түрде жеңді — 3:0. Аббос Гуломов 14-минутта есеп ашты, Бекжон Рахматов үзіліске дейін екінші голды соқты, ал матч соңында Шароф Мухиддинов есепті ірі нәтижеге жеткізді.
«Андижан» «Коканд-1912» командасын 2:1 есебімен жеңіп, камбэк жасады. Сильванус Нимели бірінші таймда қонақтарды алға шығарды, алайда 76-минутта Рустам Турдимуродов таразы басын теңестірді. 90+1-минутта Имеда Ашортиа жеңіс голын соқты.
Самарқандтың «Динамосы» «Қызылкұмды» минималды есеппен жеңді — 1:0. Матчтағы жалғыз голды 69-минутта үзілістен кейін алаңға шыққан Абдугафур Хайдаров соқты.
«Хорезм» мен «Согдиана» турдағы жалғыз голсыз матчты өткізді — 0:0. Командалар есеп аша алмай, ұпай бөлісті.
«Локомотив» «Машъалды» 3:0 есебімен ойсырата жеңді. Ташкенттік команда барлық голын екінші таймда соқты. Темурходжа Абдухоликов 56 және 85-минуттарда мергендік танытып, дубль жасады. Ал 90+1-минутта Джафар Баходиров қорытынды есепті белгіледі.
Турдағы ең нәтижелі матч «Бухара» мен «Навбахор» арасында өтті — 1:4. Русланбек Джиянов 4-минутта қонақтарды алға шығарғанымен, Асадбек Джурабоев көп ұзамай есепті теңестірді. Екінші таймда Диёр Холматов, Шохрух Абдурахмонов және Жасурбек Жалолиддинов гол соғып, намангандықтарға ірі жеңіс әкелді.
21-турдың сегіз матчында командалар барлығы 22 гол соқты. Жеті кездесу бір тараптың жеңісімен аяқталса, бір ойында тең есеп тіркелді.
Турнир кестесі: 1. «Нефтчи» — 48 ұпай, 2. «Пахтакор» — 46, 3. «Навбахор» — 41. Толық кесте осында
Сұрмергендер: 1. Дориев — 14 гол, 2. Перица — 12, 3. Абдухоликов — 11. Толық тізім осында
Ассистенттер: 1. Искандеров — 8 ассист , 2. Люпче Дориев — 7. Расан — 7. Толық тізім осында
