Q Football

Хойлунд ірі жеңістен кейін португалиялықтарды әйгілі «siuuuu» сөзімен қағытты

Хойлунд ірі жеңістен кейін португалиялықтарды әйгілі «siuuuu» сөзімен қағытты
©️AFP

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кеткеннен кейінгі алаң иелерінің алғашқы матчында даниялықтар форвардтың дублінің арқасында қарсыласын 4:1 есебімен тізе бүктірді

Дания құрамасының шабуылшысы Расмус Хойлунд УЕФА Ұлттар лигасының бесінші турында Португалияны сырт алаңда жеңгеннен кейін әлеуметтік желіде жарқын жазба қалдырды.

Форвард «Мунисипал-ди-Брага» стадионында өткен матчтан бірнеше сурет салып, Криштиану Роналдудың әйгілі гол тойлау мәнеріне меңзеп: «Меніңше, мұндағы жалғыз лайықты жазба — «siuuuu», — деп толықтырды. Айта кетерлігі, бұл ойын португалиялықтар үшін көпжылдық капитаны құрамадан кететінін жариялағаннан кейінгі алғашқы кездесу болды.

Хойлундтың өзі алаңда 73 минут өткізіп, 50- және 57-минуттарда мергендік таныту арқылы кездесудің басты қаһармандарының біріне айналды. Бірінші таймның соңында Пьер-Эмиль Хёйбьерг есеп ашса, 75-минутта Йоаким Андерсен есепті ірілендіре түсті. Алаң иелері қосымша уақытта Бернарду Силваның дәл соққысының арқасында ғана құрғақ жеңілістен аман қалды.