Q Football

Покатилов, Әшірбек және Бекболат Молдоваға қарсы матчқа қатыспайды

Покатилов, Әшірбек және Бекболат Молдоваға қарсы матчқа қатыспайды
©️kff_team

Қазақстан ұлттық құрамасының төрт ойыншысы УЕФА Ұлттар лигасының жалпы кезеңіндегі үшінші турдағы кездесуіне қатыспайды.

Бұған дейін жарақатына байланысты турнирдің алғашқы екі ойынын Максим Самородов, Дастан Сатпаев, Ислам Чесноков және Әлібек Қасым өткізіп алған еді. Қасым қалпына келіп, бүгінгі кездесуге өтінімге енгізілді.

Сонымен қатар команда құрамына Бауыржан Исламхан, Бекхан Шайзада және Еркін Тапалов қосылды.

Қазақстан — Молдова матчы бүгін Астанадағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Кездесу сағат 19:00-де басталады. Тікелей трансляцияны Qazsport телеарнасы көрсетеді.