Карталдың айтуынша, «Фенербахче» жеңіс үшін барын салғанымен, шешуші сәтте гол таба алмаған. «Жеңіс үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық, тек гол соға алмадық. Жеңіске жетуге кедергі болған басқа ештеңе жоқ: қажеттінің бәрін орындадық, бірақ бір гол таба алмадық», - деді ол.
Бас бапкер алаңның сапасына да ерекше назар аударды. Оның сөзінше, «Газиантеп» қаласындағы алаң матч деңгейіне сай болмаған, ал бұл команданың пасқа негізделген ойынына әсер еткен. «Газиантеп» қаласына лайық емес алаң болды. Бізде анық сәттер де болды, доп бағанадан да қайтты. Жеңіс үшін келдік, бірақ бұйырмады. Ойынның әділ нәтижесі - жеңіс еді, алайда олай болмады. Енді алға қараймыз», - деп қосты Картал.
Маман бірінші таймда алаңның жағдайы ойыншыларға қиындық тудырғанын атап өтті. «Бірінші таймдағы алаңның жағдайын бәрі көрді, кейбір эпизодтарда ойыншыларымыз аяқта тұра алмады. Біз - пасқа сүйенетін командамыз, бірақ пас ойынымыз жүрмеді. Допты өзімізде ұстай алмадық», - деді ол.
Сонымен бірге Картал екінші таймда команда қарсыласқа мүмкіндік бермей, ойын тізгінін ұстағанын, бірақ нәтиже өзгермегенін айтты. «Гол соғатын мүмкіндіктерге шықтық, қарсыласты доппен ойнап жүгірткіміз келді, алайда алаңның кесірінен оны жүзеге асыра алмадық. Қарсыласқа мүмкіндік бермей, екінші таймда бір қақпаға қарай ойнадық, бірақ гол соға алмадық», - деп түйіндеді «Фенербахче» бапкері.
