Камбьязо «Юнайтед» басшылығының назарын әмбебаптығымен және қорғаныстың екі қапталында да ойнай алу қабілетімен аударған. Италиялық футболшы «Ювентус» сапында 142 матч өткізіп, сегіз гол соққан және 19 нәтижелі пас берген. Оның қолданыстағы келісімшарты 2029 жылдың жазына дейін жарамды.
Қорғаушыға деген қызығушылық Люк Шоудың болашағына қатысты белгісіздікпен байланысты. 31 жастағы ағылшын футболшысының келісімшарты маусым соңында аяқталады. Ал оны ұзарту жөніндегі келіссөздер жалақы мәселесі мен ойыншының физикалық дайындығына байланысты қиындап отыр.
Фабрицио Романоның мәліметінше, «Манчестер Юнайтед» 2027 жылдың жазында құрамды ауқымды түрде жаңартуды жоспарлап отыр. Соның аясында Шоу клубтан кетуі мүмкін. Сонымен қатар басшылық қорғаныстың сол қапталын күшейту мәселесіне қаңтардағы трансферлік кезеңде-ақ қайта оралуды көздейді.
