Q Football

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Молдовамен ойнайтын құрамын жариялады

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Молдовамен ойнайтын құрамын жариялады
©️kff_team

Командалар бүгін, 2 қазанда «Астана Аренада» кездеседі. Матч сағат 19:00-де басталады.

Қазақстан құрамасының негізгі құрамы: Заруцкий, Алип, Кенжебек, Исламхан, Вороговский, Мрынский, Караман, Каримов, Оразов, Астанов, Ерланов.

Молдова құрамасы алаңға мына құраммен шығады: Челядник, Рябчук, Герасименков, Йову, Бабаогло, Ревенко, Перчун, Раце, Фратя, Попеску, Клещенко.

Екі турдан кейін қос құрамада бір-бір ұпайдан бар. Қазақстан турнирді Фарер аралдарымен 1:1 есебіндегі тең нәтижемен бастап, кейін Словакиядан 1:2 есебімен жеңілді. Молдова да словактарға 0:2 есебімен есе жіберіп, одан кейін Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түсті.

Топта алты ұпай жинаған Словакия көш бастап келеді. Фарер аралдары екі ұпаймен екінші орында тұр.