Q Football

«Тұран» «Елімай М» қақпасына төрт гол соғып, үздік үштіктегі орнын нығайтты

«Тұран» «Елімай М» қақпасына төрт гол соғып, үздік үштіктегі орнын нығайтты

Түркістандық ұжым Қазақстан Бірінші лигасының матчында «Елімай» жастарын 4:1 есебімен сенімді жеңді.

Алаң иелері алғашқы минуттардан-ақ бастаманы өз қолына алды, алайда есепті тек 35-минутта ашты. Арман Кенесов алыстан дәл соққы жасап, командасын алға шығарды. Арада екі минут өткенде Мирас Тұрлыбек «Тұранның» басымдығын екі допқа жеткізді.

Үзілістен кейін Қуаныш Дүйсенбекұлы есепті ірі нәтижеге жеткізді. 52-минутта Нұрали Нұрадилов қонақтардың бір голын қайтарғанымен, «Елімай М» бұдан артық нәтижеге қол жеткізе алмады.

Кездесудің соңғы нүктесін 83-минутта Дидар Жалмұқан қойды — 4:1.

Осы жеңістен кейін «Тұран» 53 ұпай жинап, Бірінші лига турнир кестесінде үшінші орында тұр. Ал 12 ұпайы бар «Елімай М» соңғы сатыда қалды.