Бірінші лиганың 23-туры аясында көшбасшы «Шахтер» өз алаңында «Таразбен» тең ойнап, матч 0:0 есебімен аяқталды. Тамыз айының соңында-ақ Премьер-Лигаға жолдаманы мерзімінен бұрын алып қойған қарағандылықтар бұл турда үш ұпай қоса алмады.
Екінші орында келе жатқан «Қайрат-Жастар» сырт алаңда «Хан-Тәңірі» командасын 2:0 есебімен жеңді. Ал үшінші сатыдағы «Тұран» өз алаңында «Елімайдың» жастар командасын 4:1 есебімен ойсырата ұтты.
Турдың өзге нәтижелері де белгілі: «Арыс» үйде «Ақтөбе М»-ден 4:1 есебімен басым түсті, «Астана М» өз жанкүйерлерінің алдында «Батырды» 7:1 есебімен тас-талқан етті. «Тобыл М» өз алаңында «Каспий М»-ді 3:0 есебімен жеңсе, «Оңтүстік академиясы» мен «Жайық» кездесуі голсыз тең аяқталды - 0:0.
23-турдан кейін турнир кестесінің басында «Шахтер» қалды: командада 62 ұпай бар. «Қайрат-Жастар» 56 ұпаймен екінші орнын сақтап тұр, ал «Тұран» 50 ұпаймен үшінші орында келеді.
