Q Football

Субимен трансферлік қауесеттерге жауап берді

Субимен трансферлік қауесеттерге жауап берді

Арсеналдың жартылай қорғаушысы қысқы трансферлік терезе ашылар қарсаңында өз болашағына қатысты БАҚ-тағы хабарламаларға пікір білдірді.

Субимендидің сөзінше, қысқы трансферлік терезе жақындаған сайын ойыншылардың болашағына байланысты түрлі болжам көбейетіні заңды. Дегенмен ол медиада айтылатын мәліметтің бәрі бірдей шындыққа сәйкес келе бермейтінін ескертті.

Хавбек өзін мадридтік «Атлетикоға» ауысады деген қауесетті де жоққа шығарды. Оның айтуынша, Диего Симеоне жаттықтыратын клуб тарапынан қызығушылық бар деген әңгіме тарағанымен, басқа командалардың өкілдерімен ешқандай байланыс болмаған. Сондай-ақ ол қазір мұндай сөздерге күш-қуат жұмсамай, «Арсеналдағы» негізгі құрам үшін күреске назар аударып жүргенін жеткізді.

«Шынымды айтсам, кейде баспасөздің не жазатынына өзім де таңғаламын. Қысқы трансферлік терезе жақындап қалғанын түсінемін, сондықтан қауесет шығуы мүмкін, бірақ жарияланатын дүниеге сәл абайырақ қараған жөн деп ойлаймын. Ақыр соңында әр футболшының ойнайтын командасы бар, соған құрметпен қарау керек. Мен де «ауысуға жақын» дегенді оқыдым, бірақ ол мүлде олай емес», - деді Субіменди Marca басылымына берген сұхбатында.

Ол Микель Артета командасындағы қазіргі жағдайына да тоқталды. Бұл маусымда «Арсеналдың» ортаңғы шебінде бәсеке жаңа ойыншылардың келуімен күшейіп, соның әсерінен Субименди бұрынғыдан аз ойнап жүр. Футболшының айтуынша, бапкер бұл жайтты алдын ала түсіндіріп, құрамдағы орын үшін күрес қажет екенін ескерткен.

Субименди рөлінің өзгерісін сабырмен қабылдайтынын және берілмейтінін айтты. Ол өткен маусымда алаңға тұрақты шыққанын еске салып, жағдайдың тез өзгеріп кетуі де мүмкін екенін жеткізді.

«Кем дегенде жазға дейін «Арсеналда» қаламын деп үміттенемін. Маған мұнда ұнайды», - деп қосты жартылай қорғаушы.

Осылайша, өзге клубтардың ықтимал қызығушылығы туралы әңгімелерге қарамастан, Субименди алдағы трансферлік терезеде «Арсеналдан» кетуге ниетті екенін растаған жоқ.