Q Football

Гуцуляк «Ордабасымен» екі жылдық келісімшартқа қол қойды

Гуцуляк «Ордабасымен» екі жылдық келісімшартқа қол қойды
УАФ

Украина ұлттық құрамасының 28 жастағы жартылай қорғаушысы Олексий Гуцуляк ресми түрде шымкенттік «Ордабасы» клубының сапына қосылды.

Львовтың «Карпаты» футбол мектебінің түлегі мансабында «Десна», «Днепр-1» және «Полесье» клубтарында өнер көрсеткен, сондай-ақ 2016 жылы Испанияның «Вильярреал» командасының сапында ойнаған. Украина Премьер-лигасында футболшы 226 матч өткізіп, 52 гол соғып, 32 нәтижелі пас берді (кәсіби мансабында барлығы — 280 ойын, 56 гол және 36 ассист). 2024 жылдан бері Украина ұлттық құрамасына шақырылып жүрген вингер ел құрамасы сапында 16 кездесуге қатысып, 6 гол соққан.