Q Football

Эндрик клубтың лақап атына бола Миланға ауысқысы келмейді

Эндрик клубтың лақап атына бола Миланға ауысқысы келмейді

Терең сенімдегі христиан саналатын 20 жастағы бразилиялық жігіттің Рома клубын көбірек ұнататыны айтылып жүр.

Басылым дерегіне сай, 20 жастағы бразилиялық ойыншы дінге берік, әрі «Христос спортшылары» қозғалысына қатысады. Осы сеніміне байланысты Ендрік «россонерилердің» символикасы мен лақап атын екіұшты қабылдайды екен. Бұл жағдай оның Италияда мансабын жалғастыру туралы шешіміне ықпал етуі мүмкін.

Сол себепті футболшы үшін «Рома» нұсқасы анағұрлым тартымды көрінеді. Римдік клуб Ендріктің айналасымен біраз уақыттан бері байланыста, әрі оны кейін сатып алу құқығы бар жалға алу форматын қарастырып жатыр. Мұндай келісім шабуылшыға ойын тәжірибесін көбірек жинауға жол ашар еді, өйткені мадридтік командада ол минут тапшылығына тап болуы ғажап емес.

Айта кетерлігі, «Миланның» тарихында діни ұстанымы берік болған бразилиялық жұлдыз бұрыннан бар. Ол - бір кезеңде «россонерилердің» көшбасшыларының біріне айналған Кака: ол клубпен бірге Чемпиондар лигасын ұтып, 2007 жылы «Алтын допты» алған.

Қазір Ендріктің келешегі нақты емес. Дегенмен «Романың» қызығушылығы және Италияның өзге клубтарымен болуы мүмкін келіссөздер жас бразилиялықтың мансабындағы келесі қадамын айқындап беруі мүмкін.